13.04.2025, 14:30
Оқылды: 81

Ветеринарлардың жалақасы өсті

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан ветеренария саласына айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Мәселен, 2021 жылы ветеринариялық пункт меңгерушісі 147 мың теңге жалақы алса, қазіргі таңда ол 334 мың теңгеге дейін жеткен. Төменгі буын санитарлық қызметкерлердің еңбекақысы 60 мыңнан 90 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл туралы жақында Бәйтерек ауданы орталығында өткен жиын кезінде кеңінен сөз болды.

IMG-20250413-WA0000

Басқосуға арнайы қатысқан облыстық ветеринария басқармасының басшысы Абзал Бралиевтың сөзіне қарағанда, мұндай қолдау алдағы уақытта да жалғасын табады.

- Жалақы – басты қолдау көрсеткіші. Бүгінде ауылдағы ветеринардың жалақысы кейбір округ әкімдерінің жалақысымен теңесіп отыр. Бұл – үшін үлкен жетістік. Сөйтіп көптен көтеріліп келе жатқан мәселе шешімін тапты, ендігі мәселе – мамандардың өз жұмысына деген адалдығы мен жауапкершілігі, – деді Абзал Серікұлы.
Жиында ауылдарда ветеринариялық пункттердің жеткіліксіздігі де қозғалды. Қазір аудан әкімдіктерінің қолдауымен облыс бойынша 34 жаңа ветеринариялық пункттің құрылысы жүруде. Бәйтерек ауданында биыл 4 жаңа нысан – Бейбітшілік, Январцев, Көшім және Махамбет ауылдарында салынбақшы.

IMG-20250413-WA0001
Мал өлекселерін жоюға арналған қорымдардың жетіспеушілігі де – өзекті мәселе. Бүгінде облыстағы 260 мал қорымының 90-ы толған. Олардың қатарында үш жыл бұрын салынған Переметныйдағы мал қорымы да бар.
Мал мамандарын қажетті техникалармен қамтамасыз ету мәселесі де біртіндеп шешілуде. Мәселен, биыл Ақжайық ауданына 13, Бәйтерекке 7-8 арнайы көлік бөлу жоспарланып отыр.
Аудан, ауыл әкімдіктерінің мамандары, ветеринариялық қызмет саласының өкілдері, ауыл тұрғындары қатысқа алқалы жиында Абзал Бралиев облыста аталмыш сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылымды дамыту жөнінде баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале