Еліміздің тау көтерер толағайлары Ақтөбе қаласында бас қосып, гір спортынан ел чемпионын анықтауда. Аталмыш бәсекеде өңір спортшылары да бақ сынауда. Жарыстың алғашқы күні ұзақ циклде сынға түскен гір көтерушілер ел біріншілігінің медальдарын сарапқа салды.
95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғаған бәйтеректік Виталий Бырко намысты қолдан бермей, қола жүлде еншіледі. Дарияндық спортшы үшін бұл ел чемпионаттарындағы алғашқы жүлде емес. Қашан да өзін бабында ұстайтын Виталий алда болатын жарыстарда бұдан да биік нәтиже көрсетуге тырысатынын айтады.
-Жалпы гір спорты ауданда жақсы дамыған. Облыс құрамасы сапында ел чемпионатына аттанан Виталий Бырко аудандағы үздік спортшылардың бірі. Оның жетістігі артынан ерген жас толағайларға үлгі. «Бәйтерек» спорт клубы үздік атлеттерді қолдауын тоқтатпайды, - дейді «Бәйтерек» спорт клубының басшысы Максим Үмбетқалиев.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz