Бүгін Республика күніне орай Жаңақала колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің арасында волейболдан облыстық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
19 команда бақ сынайтын шараның мақсаты мереке қарсаңында салауатты өмір салтын қалыптастырып, өзге аудандық білім беру ұйымдарының қызметкерлерімен достық қарым-қатынасты нығайту болатын.
Салтанатты шараға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, Бөкей Орда колледжінің директоры Бағдат Лұқпанов, Тасқала колледжінің директоры Данияр Дүйсенғалиев, А.Иманов атындағы колледж директоры Асан Мустафин, Жаңақала колледжінің ардагер ұстазы Мурзашев Сансызбай және облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Звайда Ғұмарова қатысты.
Алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні ойнатылып, аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы мен Звайда Мұхамбетқызы құттықтау сөз сөйлеп, алыстан ат терлетіп келген барша қатысушы командаға сәттілік тіледі.
Айзада Жанұзаққызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz