Жуырда аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Жәнібек ауданының 100 жылдық мерейтойына және балалар жылына орай волейболдан жасөспірім қыздар арасында аудандық турнир өтті.
«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» айдарымен өткен шара салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Шарада тартысты ойын көрініс тапты. Себебі, барлық командалардың дайындықтары мен шеберліктері шыңдалған. Жарыс қорытындысы бойынша «БЖСМ-1» командасы І орын, №1 мектеп-лицей командасы ІІ орын, «БЖСМ-2» командасы ІІІ орын иеленді.
Ә. Садық,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz