Ақжайық ауданы орталығында «Ескірткісіз болашаққа ұмтыл» акциясы аясында ауыл жастары мен мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті. Аталмыш шараның мақсаты — жастарды саламатты өмір салты, спортқа ортақтастырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу.
Оның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Бақберген Әбуов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ақылбек Елекешов қатысып, сайысқа сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша «Жігер» спорт клубының командасы ешкімге дес бермей, І орынды иеленсе, аудан әкімдігінің командасы ІІ орыннан көрінді, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы — жарыстың ІІІ орын иегері.
Айжан Ақыл,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz