3.02.2020, 18:19
Оқылды: 85

Волжский қаласындағы жылы шырайлы жүздесу

Сталинград шайқасының Жеңіспен аяқталғанына 77 жыл толуына орай көршілес Волгоград облысының Волжский қаласында салтанатты шара өтті.

janibek (1)

Оған Волжский қаласы әкімшілігінің басшысы Игорь Ворониннің шақыруымен Жәнібек  ауданының әкімі Азамат Сафималиев бастаған делегация қатысып қайтты. Аталмыш шара    соғыста қаза болған жауынгерлердің рухына арнап гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Одан кейін жәнібектік делегация В.Макаров атындағы труба шығаратын зауытты аралады. Зауыттың негізін қалаушы әрі   директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Зимовец зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, Волжский қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Виктор Сухороков та біздің қазақстандық делегациямен бірге жүріп, біраз мағұлматтар берді.

janibek (4)

Өз кезегінде Владимир Зимовец 1961 жылы қызмет барысында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен танысқанын, Кеңес үкіметі кезінде біздің елмен тығыз байланыста болғанын, Батыс Қазақстан облысында қызмет атқарған басшылардың көпшілігін танитынын айтып, өз естеліктерімен бөлісті. Соңында өзінің авторлық «Соло на трубе» атты кітабын тарту етті.

janibek (2)

Шара мерекелік концертпен жалғасты. Онда Волжский қаласының көркемөнерпаздары жиналған жұршылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өнерлі жандардың арасында сексеннен асқан қариялар да, жас өрендер де болды. Әсіресе, әскери-патриоттық әндерді әуелете шырқаған ресейліктерге жерлестеріміз үлкен ризашылықпен қол  соқты.

Әсемгүл Садық

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале