12.04.2022, 15:30
Оқылды: 49

WorldSkills - «Жұмысшылар олимпиадасы»

Бөкей ордасы колледжінде WorldSkills Бөкей ордасы іріктеу чемпионаты өтуде. Чемпионаттың ашылу салтанатында колледж директоры Бағдат Лұқпанов аталмыш чемпионат техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының әуелетін арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың бірі екенін баса айтып, бұл тек студенттердің біліктілігін тексеріп қана қоймай, оқытушылардың шеберлігін сарапқа салатын сайыс деп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

222

Айталық, WorldSkills International (WSI) - 1953 жылы құрылған халықаралық коммерциялық емес бірлестік, оның мақсаты - бүкіл әлемдегі кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын көтеру, бүкіл әлем бойынша халықаралық конкурстар арқылы жұмысшы кәсіптерін танымал ету. Бүгінгі таңда ұйымның қызметіне 80 ел қатысады. WSI өз миссиясын жұмысшы мамандықтарға аударуға және жоғары кәсіби стандарттарды дамытуға жағдай жасауға шақырады. Оның негізгі қызметі - 22 жасқа дейінгі жастар үшін әртүрлі деңгейдегі кәсіби жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. WorldSkills жұмысшылардың әлем чемпионаты екі жылда бір өткізіліп тұрады, оны «Жұмысшылардың олимпиадасы» деп те атайды. Бұл - қазіргі уақытта халықаралық дәрежедегі ең үлкен жарыс.

2

Елімізде бұл чемпионат 2015 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Оған ауданымыздың жас жұмысшылары, нақтырақ айтқанда Бөкей ордасы колледжі студенттері де белсене қатысып, жүлдегер де атануда. Былтыр «World Skills Kazakhstan ORAL-2021» өңірлік чемпионатына «Ауыр техникаға қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша Мержан Нұфтуллин ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, «Кондитерлік ісі» бойынша Фатима Пархатова  ІІІ орынға ие болды. «Аспаз ісінде» Назым Елтаева, «Графикалық дизайнда» Асылхан Сахуов  «Үздік маман» атанды. Сонымен қатар колледжіміздің студенті Назым Елтаева «Кондитер» бөлімінде іріктеуде суырылып алға шығып, қараша айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық чемпионатта өз шеберлігін танытты.

2222

Биылғы чемпионатта студенттер «Графикалық дизайн», «Аспаз ісі», «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Дәнекерлеу технологиясы», «Кондитерлік ісі», «Жеңіл автокөлік жөндеу және қызмет көрсету» сынды тоғыз құзыреттілік бойынша білімдері мен біліктерін паш етпек.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале