11.04.2025, 15:15
Оқылды: 374

WORLDSKILSS еңбек майданына шақырады

Сырым колледжінде кәсіби дағдылар чемпионаты өтті. Шараның салтанатты ашылуына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов қатысты. 

IMG_0498

Чемпионат бағыты WorldSkills және JuniorSkills болып екіге бөлінеді. Аты айтып тұрғандай, WorldSkills - әлемдегі үлкен кәсіби дағдыларды игеруге шақырады. Бұл кәсіпқойларға арналған сын.

Ал, JuniorSkills - жасөспірімдер үшін алғашқы еңбек сабағы. Бұл қозғалыс Қазақстанға 2017 жылы келді. Жастарды еңбек нарығына даярлау, кәсіптік білім берудің маңыздылығын арттыру, мамандар арасындағы бәсекелестікті нығайту үшін JuniorSkills таптырмас алаң.

IMG_0505

Колледждегі чемпионатта студенттер 6 құзіреттілік бойынша дағдыларын көрсетті. Атап айтсақ, болашақ мамандар “Электромонтаж”, “Графикалық дизайн”, “WebТехнология”, “Аспаз ісі”, “Киберқауіпсіздік” және “Мобилография” бойынша бейімдерін көрсетті.

IMG_0496

- Еңбек адамы - қоғамның құрметтісі, заманның негізгі тұлғасы. ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялау арқылы оларды ардақтаудың жаңа биігін белгіледі. Сырым колледжінде қоғамға үлесін қосатын өз ісінің мамандары тәрбиеленіп жатыр деп есептеймін. Қадыр ақын “Еңбеккердің тері кеппейді, Ісі кері кетпейді!” - деген сөзі бар. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы техникалық мамандық иелерінің қолында. - деді Серік Тоқмамбетов шараның салтанатты ашылуында. Аудан әкімінің орынбасары колледждің студенттік парламентінің Президенті Әли Набиолламен бірге start  - тетігін басып, чемпионатқа ресми түрде бастау берді.

Айта кетейік, мамандықтар мерекесіне белгілі бапкер, колледжде басшылық қызмет атқарған сала ардагері Санат Берсебаев, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы Сырым аудандық филиалы директоры Салтанат Маратқызы және бірқатар тәуелсіз сарапшылар қатысты.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале