Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында шығыстық үлгідегі халал «Жасмин» мейрамхана-шайханасы ашылды.
Кәсіпкер Медет Какимов мейрамхананың құрылысын екі жыл бұрын бастаған болатын. Биыл 7 наурызда ашылып, халыққа қызмет көрсетуді бастады. Мейрамханаға иесі Жасмин есімді немересінің есімін беріпті. Жол бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орнына көбіне сапарлап жүрген жолаушылар тоқтайды екен. Таңертеңгі сағат 10:00-ден бастап, түнгі 23:00-ге дейін жұмыс жасайтын «Жасминге» кешкісінбой жазып, демалуға жымпитылықтар да келеді.
Медет Какимовтың ұлы, мейрамхана меңгерушісі Ерғали Какимовтың айтуынша, шайхана 70 адамға арналған. Жеті тапшан бар. Түс мезгілінде 50 адам келіп тамақтанады. Шайхана мәзірінде шығыс ас үйінің тағамдары ұсынылады. Мұндағы өзбек палауы, домляма, бефстроганов (сиыр еті), фрикасе (ұсақтап туралған қуырдақ), кәуап дәмі тіл үйіреді.
400 орындық мейрамхана жағы әзірге карантин болғандықтан жабық. Рұқсат етілген кезде халыққа қызмет көрсететін болады.
«Жасминде» 10 адам жұмыс жасайды. Олар – 1 бас аспаз, 1 аспаз көмекшісі, 1 ыдыс жуушы, 2 даяшы, 1 кәуап дайындаушы, 2 кассир, 1 еден жуушы.
Шынар Молданиязова,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz