24.04.2024, 14:59
Оқылды: 47

Халық игілігіне арналған жоба

«Ауыл аманаты» жобасын таныстыру бойынша осыған дейін Тасқала ауданында біраз жұмыстар жүргізілді. Тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, бағдарлама жөнінде түсіндірілді. Округ әкімдері өз ауылдары бойынша бағдарлама аясында халықпен жұмыстанып жатыр.

оооо

«Самғау» коворкинг орталығында "Ауыл аманаты" бағдарламасына байланысты жиын өтті. Бұл бағдарламаның мақсаты ауыл тұрғындарының табысын арттыру, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру. Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Рауан Рахметуллин, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Самиғолла Шүкіров, мансап орталығының бөлімше басшысы Мәншүк Ермұқанова ауылдық округ әкімдері және ауыл тұрғындары қатысты. Жиында тұрғындарға аталмыш бағдарлама арқылы 2,5 пайызды құрайтын  жеңілдетілген несие алу, кооператив құру және техниканы лизингке рәсімдеу сынды ақпараттар түсіндірілді. Тұрғындарда көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Осыған дейін мұндай жиын барлық ауылдық округтерде өткен еді.

Без ббб

Гүлмира Мақанова, 

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале