25.02.2022, 10:10
Оқылды: 42

Халық қалаулысы медицина қызметкерлерімен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар Бөкей ордасы ауданына жұмыс сапары  барысында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы» қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысына қатысып, денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесті.

FB_IMG_1645764420096

Аудандық аурухана басшысы Анарбек Белисанов аудан әлеуметінің денсаулығын сақтауда атқарылып жатқан іс-шаралар мен аурухана қызметіндегі қиындық келтіріп отырған мәселелерді назарға ұсынды.

Жарыссөзде сөз алған дәрігер Ағайша Хаирова зейнет жасының жоғарылығын, дәрігерлер санатын алып тастап, еңбекті еш ету екенін айтып, наразылығын білдірді.

FB_IMG_1645764423446

Дәрігер Лаура Шамұратова медицинада қағазбастылықтың белең алғанына қынжылып, тозығы жеткен компьютерлермен жұмыс жасау мардымсыз екенін айтып, оргтехниканы жаңарту керектігін тілге тиек етті.

Ақ халаттылардың ардагері Нәсіп Нүркенова  коронавирусқа байланысты қосалқы ғимараттың инфекциялық бөлімге беріліп, отыз жыл бұрын амбулатория ретінде салынған аурухана ғимаратының тарлық етіп отырғанын ортаға салды. Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева денсаулық сақтау саласында кадрлық жетіспеушілік жайлы сөз алды.

 

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале