Бір күні Халық пен Дәріхана айтысып қалыпты.
Халық:
Білесің, тәжвирустың тарағанын,
Ауырып, дәріхана жағаладым.
Ел қиналып жатқанда,
Сендер неге,
Көтердіңдер дәрінің бағаларын?
Дәріхана:
Бұл заман - бизнестің заманы ғой,
Қымбаттату – бизнес талабы ғой.
Дәріні қымбаттатсақ не болыпты?
Ақшасы бар адамдар алады ғой.
Халық:
Қайранмын «кәсіпкерлік өнеріңе»,
Қиын тиіп жатыр ғой ол еліңе.
Ақшасы барлар дәрі сатып алып,
Ақшасы жоқтар сонда өледі ме?
Дәріхана:
Дәрі кәрі түгілі, жасқа керек!
Өлмеңіз!
Жол табыңыз басқа, бөлек.
Табытты 300 мыңнан сатып жатыр,
Өлуге де қыруар ақша керек.
Халық:
Дәріхана, мен саған сенген едім,
Дауаның береді деп ең керегін.
Рахмет, қымбат дәрің керегі жоқ,
Сорпа мен қымыз ішіп емделемін.
Дәріхана:
Айттың-ау, сен өзіңе ақылды ақыл,
Ол сала да пайдаға батып жатыр.
Қырдағы «сегіз жүздің» қымыздарын,
Ауданда «мың үш жүзден» сатып жатыр.
Халық:
Өлмеспіз қайырымды қауым барда.
Өлмеспіз ақ жүректі ауыл барда.
Ал, жақсы, Дәріхана, мен кетейін,
Сендерді жөнге салар заңым бар ма?
Дәріні сатып-сатып, ал өздерің,
Дәрі таппай жүрмеңдер ауырғанда.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz