Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бекбол Жұмабекұлының төрағалығымен аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Басқосудың күн тәртібінде бір-ақ мәселе қаралды. Орда ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау және сайлау округін құру туралы қаулы бекітіліп, сайлаудың өтетін күні анықталды.
Комиссия төрағасының мәлімдемесіне соң комиссия мүшелері дауыс беріп, хаттамаға қол қойды. Күнтізбелік іс-шара жоспары, кезекшілік кестесі бекітілді.

Орда ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 17 тамызына тағайындалды. Әкімдікке үміткерлер ертеңнен, яғни, 10 шілдеден бастап, тиісті құжаттарын тапсыра алады.
Орда округіндегі халық саны – 2877 адам (ауылда - 2497 адам, қыстақтарда - 380 адам тұрады), аула саны – 685, сайлаушылар саны – 1773, Орда - 1390, Қарасу - 179, Үштерек - 79, Сейтқали - 125 (03.06.2025 жылға).

Естеріңізге сала кетсек, дәл осы сайлау 2022 жылдың 21 тамызында өткен еді. Орда ауылдық округі әкімін сайлауға - 1417 (78,1%) сайлаушы қатысып, дауыс берген болатын. Негізі, әкім сайлауы 2026 жылы өтуі тиіс еді.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы