16.05.2024, 16:15
Оқылды: 58

Халықаралық байқауда І орынға ие болды  

 

Жуырда Алматыда «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық хорының ұйымдастыруымен халықаралық «Біз бақытты баламыз» атты өнерлілер байқауы өтті.

інжу

Аталмыш сайысқа Ақжайық ауданы Қурайлысай ауылындағы Талап мектеп-бөбекжай кешенінің 7-сынып оқушысы Інжу Төлеужан қатысты.

 Ол «Дәстүрлі ән» аталымы бойынша Сәкен Сейфуллиннің «Біздің жақта» әнін орындап, I орынды қанжығасына байлады.

Інжу 5 жасынан домбыра шертуді үйреніп, ауыл сахнасында ән салып, аудандық байқауларда топ жарып жүр. Облыстық байқауларда да жетістіктері аз емес. Інжудің бойындағы дарынды кішкентайынан байқаған музыка пәнінің ұстазы Гүлнар Табылдиева жетекшілік жасап келеді.

Айта кету керек, өнерлі қыз сонымен қатар аудандық балалар саз мектебінде домбыра сыныбының соңғы жылын тәмамдамақшы.

– Қызымның жетістіктеріне әрдайым қуанып отырамын, бұл жолы өзім бірге жанкүйер және жетекші болып барып қайттым. Ол жерде ұл-қыздар дәстүрлі әннен басқа би өнері, күй тарту мен эстрада жанрында да бақ сынады. Осы байқаудағы жеңісінің арқасында Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінде өтетін өнер байқауларына жолдама ұтып алды. Өнер додалары жаз айларында өтетіндіктен, қызу дайындық керек, – дейді анасы Назерке Өтесін.

 

Асыл Қайрат,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале