Шыңғырлау ауданына Халықаралық ұйымдардың 2 байқаушысы HYNES Sean - Ирландия азаматы және CEDERBLAD Linda Sabina Helen - Швеция азаматшасы ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен келді. Олар таңертең сағат 6.45-тен бастап, кейбір сайлау учаскелерінің ашылу салтанатына қатысып, комиссия төрағаларына сайлаудың өту барысы туралы сұрақтарын қойды. Қазіргі уақытта олар өзге де сайлау учаскелерінде дауыс беру үрдісін бақылауда.
Сонымен қатар, сайлаудың өз дәрежесінде өтуін бақылау үшін Шыңғырлау ауданы бойыншы сайлау учаскелерінде 5 - кандидаттардың сенім білдірген адамдары, 24 - "Аманат" партиясының байқаушылары, 2- ауыл партиясының және 24- Қазақстан Республикасының өзге де қоғамдық бірлестіктері мен коммерциялық емес ұйымдарынан, барлығы 55 байқаушы тіркелген.
Сайлау заң аясында өтіп жатыр, әзірге құқық бұзушылық тіркелмеді.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz