1.06.2025, 20:30
Оқылды: 194

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Зеленый ауылында отбасылық сайыс өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Зеленый ауылында «Толағай» атты отбасылық-спорттық сайысы ұйымдастырылды. Ауылдағы «Шапағат» аналар кеңесі ұйымдастыруымен болған жарысқа 4 команда қатысты.

IMG-20250601-WA0005

Ашылу салтанатында сөз алған аталмыш кеңес төрайымы Күнайым Тәттіғұлова жиналғандары мерекемен құттықтап, жас ұрпақтың болашақтары жарқын болуын, ал жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
​Отбасылардың сайысқа жақсы дайындықпен келгені «Епті», «Суретші», «Доппен эстафета», «Қақпашы», «Шеңбер» секілді кезеңдерде анық көрінді.
Мектеп мұғалімдерінен, ауыл тұрғындарынан құралған әділқазылар алқасының шешімімен Сағынбаевтар отбасы үздік деп танылды. Күміс жүлде Уркиновтар жанұясына бұйырды. Ал 3-орынды Серікбаевтар мен Мұқановтар иеленді. Сайысқа қатысқан отбасыларға диплом және сыйлықтар табысталды.

Ләззат Мизанбаева
Зеленое ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале