Америка елінің Огайо штатындағы Колумбус қаласында қол күресінен «Arnold Classic 2025» халықаралық турнирі өткен еді. Турнирге әлем бойынша 14 ел қатысып, іріктеуден 600 спортшы өтті.
Ал финалдық кезеңге 109 спортшы қатысып, бақтарын сынады. Финалға өткендердің арасында жерлесіміз Рахат Қабылов 90 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Айта кету керек, 90 келі салмақта қатысқан Рахат 28 спортшыны оза шапты.
Еске сала кетейік, Рахат Қабылов Талов ауылының тумасы, қол күресінен спорт шебері, ҚР, Азия чемпионы, әлем чемпионаттарына қатысып, ел намысын асқақтатып жүрген спортшы.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz