Теректілік жас дзюдошылар халықаралық жарыстан жүлделі оралды.
Жуырда Ресей Федерациясының Орынбор қаласында дзюдодан А.Шевченконы еске алуға арналған турнир өтті.
2010-2011 жылдары және 2012-2013 жылдары туған ұл-қыздар арасындағы жарысқа 700-ден астам спортшы қатысты.
Сол турнирде спортшыларымыз жоғары нәтижемен қуантты. Айталық, қыздар арасында Іңкәр Асқар жүлделі I орыннан көрінсе, Перизат Бөлекешова II орынды иеленді. Ұлдар арасында Рауан Кенжебай мен Азат Шынарбекұлы үздік үштік қатарынан көрінді.
Спортшыларды тәрбиелеп, жаттықтырған Қанат Дингуатов, Шыңғыс Көжекбаров және Нұрсұлтан Болат.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz