29.09.2024, 16:00
Оқылды: 7

Халықаралық жарыстан жүлдемен оралды

25-29 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы Николаевск қаласында өтіп жатқан бокстан Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Сергеевич Черноивановты еске алуға арналған жарыста 2010-2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында 37 келі салмақ дәрежесінде Әзизхан Қадыр 2-орын алды. Ал 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында 50 келі салмақта Эльдар Сағынғали 3-орыннан көрінді.

InShot_20240929_130709310

Айта кету керек, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларус елдерінен жалпы саны 182 жас спортшы қатысты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале