18.09.2024, 12:00
Оқылды: 69

Халықтық штаб мүшелері бөбекжай ұжымымен кездесті

Тасқала аудандық халықтық штаб мүшелері «Ақбөпе» бөбекжайының ұжымымен кездесті.

0A0143B0-3705-49BA-A5FE-D65F1AD5C59B

Кездесу барысында штаб мүшелері бөбекжай ұжымына Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын насихаттап, 6 қазан күні АЭС салу бойынша өтетін референдумға қатысуға шақырды. 

Сонымен бірге халықтық штаб мүшелері Қазақтелеком, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде қатысушылардың Жолдауға, АЭС құрылысына қатысты пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

Жиында аудандық халықтық штаб төрағасы Люция Жұбанышқалиева сөз сөйлеп, кездесудің негізгі мақсаты мен маңыздылығын түсіндіре отырып, референдумның қоғам үшін маңызды екенін атап өтті.

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале