18.09.2024, 19:00
Оқылды: 5

Халықтық штаб мүшелері Қырқопа ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Жаңақала ауданының Қырқопа ауылдық округінде АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Қуат Имашев, Қамбар Қаменов, Гүлбану Дагарова Қырқопа ауылының тұрғындарымен, Карманов ЖОББ мектеп балабақшасы, халықаралық штаб өкілдері «Мендешев» БПҰ мүшелерімен кездесті.

426F8E4D-955E-4BBF-A88C-D9D48483176F

Жиында АЭС-тің маңыздылығы туралы айтылды.

«Біздің еліміз электр қуатын мұнай мен көмір жағу арқылы өндіреді. Бұл денсаулыққа зиян әрі өндірілген электр қуатының мөлшері сұранысты толық жаппайды. Қазірдің өзінде біз қомақты қаржыға электр энергиясын көрші елдерден сатып алып жатырмыз. АЭС-тің салынуымен еліміз энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе алатындығы жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді», - дейді штаб мүшелері.

Аруғаным Берікқызы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале