18.04.2022, 17:30
Оқылды: 177

Халықтың аманаты «AMANAT» - тың мойнында

Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланыс жасауда транспаренттілікті арттырып, қоғамның барлық өкілдерімен жұмысты күшейту бойынша міндеттер қойды. Саяси ұйымның аты өзгергенімен, барлық сайлауалды уәделерін – азаматтардың талап-тілектерін, «аманаттарын» орындау негізгі басымдық болып қала береді.

ФРАКЦИЯ отырысы (1)

Кешегі аптада аудандық партия филиалының депутаттық фракция отырысында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының Сырым ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы туралы хабарлама жасап, партияластарына сайлауалды бағдарламаларды орындау бағытында бірқатар тапсырмалар берді. Отырысқа филиалдың атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Талғат Дарғожиев төрағалық етті.

Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, ауданда ауылшаруашылық құрылымдарын дамыту ісі жолға қойылған. 2021 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға қаржылық несие ұйымдары арқылы  несие мен мал шаруашылығын дамытуға 757,2 млн теңге субсидия демеуқаржы берілсе, техника алуға шаруашылықтардан 609,3 млн. теңге қаражат жұмсалып, мемлекет тарапынан 148,3 млн. теңге инвестсубсидия төленген. Бұл шаралар шамамен 197  шаруашылықты кешенді дамытумен қамтуға мүмкіндік берді.

Ауданда шағын орта бизнес кәсіпорындарының саны 1240 дейін, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 2618  адамға дейін артып, өнім шығару 609,8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Назарда тұрған мәселелер де бар. Аудан әкімі аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне Алғабас, Қарағанды, Қособа, Жырақұдық, Бұлан, Жамбыл ауылдарын ауыз сумен қамту бойынша тапсырмалардың уақытында орындалуын, алдағы уақытқа жоспарланған Өлеңті ауылынан 42 тұрғын үй орынға инженерлік-коммуникациялық желілер тарту, Өлеңті ауылынан 42 тұрғын үй салу, Қособа ауылынан 8 үй орнына инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізу сынды жобалар бойынша облыстық сәулет және құрылыс басқармасына сұраныс жолдауды тапсырды.

Аудандағы кейбір медицина мекемелері жөндеуге зәру. Төлеген Төреғалиев аудандық аурухананың басшысы Роза Тахамбетоваға Өлеңті, Бұлдырты, Шағырлой, Көгеріс, Бұлан медициналық обьектілеріне күрделі жөндеу жұмыстары бойынша облыстық денсаулық басқармасымен бірлесе тапсырмалардың уақытында орындалуын қамтамасыз ету жайын айтты.

Бұдан былай, Сырым аудандық мәслихат депутаттарының, соның ішінде партия өкілдерінің жұмысы рейтингімен бағаланады. Негізгі хабарламадан кейін Талғат Дарғожиев жаңа жұмыс әдісі туралы түсіндірді.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале