10.08.2020, 13:04
Оқылды: 48

Халықтың көмегі халыққа жетуде

Жымпитыдағы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 2008 жылғы түлектері де ел басына күн туғанда көмектен қашпауды жөн көріпті. Ойдағы-қырдағы, ауылдағы-қаладағы құрдастардың барлығы қаражат жинап, Ресейдің Самара қаласынан дәрі-дәрмек алдырып, кеше аудандық ауруханаға тапсырды.

dav

«90-дардың» медициналық көмегінің ішінде халықтық сұраныстағы цефтриаксион, азитромицин, парацетамол, аспирин секілді препараттар бар.

- Жәрдем ретінде медициналық тауарлар, оның ішінде дәрі-дәрмектер аурухананың қоймасына қабылданып, кейін мобильді бригада арқылы науқастарға таратылуда. Халықтың көмегі халыққа жетіп жатыр. – дейді ауданның бас дәрігері Роза Тахамбетова.

 Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале