Батыс Қазақстан өңіріне арнайы іссапармен келген белгілі кино қайраткері — актер, режиссёр, профессор Талғат Теменов Хан Ордасы жайында деректі фильм түсіруді мақсат етіп келген екен.

- Ата-бабаларым мекен еткен туған жеріме жасаған осынау сапарымда Хан Ордасы туралы деректі фильм түсіруді мақсат етіп отырмын. Сондықтан аз уақыттың ішінде біраз жұмыстарды атқарып, мол мәліметтер мен құнды деректерді жинақтауымыз қажет. Негізгі күшімізді осы бағытқа жұмылдырамыз, - дейді танымал режиссер Талғат Теменов.
Іссапар барысында танымал кино қайраткері Бөкей Ордасы, Жәнібек аудандарымен қатар Казталов ауданында да болып, Жалпақтал, Ақпәтер ауылдары мен аудан орталығынан болашақ фильмге қажетті аса құнды деректерді жинақтады.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы