12.10.2018, 12:10
Оқылды: 147

Хан ордасында 76 тарихи ғимарат бар

Бөкей ордасы тарихи музей кешені Хан ордасы ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында танымдық шара ұйымдастырды.

11

Өлке тарихына терең үңілу мақсатында мектеп оқушылары музей қызметкерлерінің жетекшілігімен музей-кешен қорына енбеген ғимараттар тарихын зерттеді.

Осы ізденістері ғылыми тұрғыдан тұжырымдалып, слайд форматында көпшілікке таныстырылды. Шараға жиналған ауылдың үлкен-кішісі күн сайын көріп жүрген ғимараттарды жаңа бір қырынан таныды десе болады. Қазіргі таңда Хан ордасында ХІХ ғасырда салынған 76 ғимарат бар. Оның 13-і музейлік кешен қарауында болса, 18-і сақтау үшін арнайы шараларды қажет ететін ғимараттар.

Ғылыми жобаға мектеп оқушылары Ділназ Сағындыққызы, Ақбота Сабырова, Тілеухан Меңдіғали мен Лунара Сәрсемалиева белсене қатысты.

«Орда жұлдызы»,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале