Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Бөкей хандығының 220 жылдығы, Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығына орай "Бөкей ордасы - қасиетті, құт мекенім" атты облыстық домбырашылар байқауы өтті.
Өнер сайысында 17 өнерпаз бақ сынады. Байқау шарты бойынша әр үміткер І кезеңде Құрманғазының "Төремұратын", Дәулеткерейдің "Аңшылығын" және өз қалауымен бір күй орындаса, ІІ кезеңде Сейтектің "Торы атын", Динаның "Бұлбұлын" орындап, өз таңдауымен тағы бір күй тартуы талап етілді.
Жарыс шымылдығын ашқан аудан әкімі Нұрлыбек Даумов:
- Бөкей елі өркениет, ағартушылық ісі алғаш қолға алынған тарихи мекен, тұңғыштар Отаны ғана емес, Дәулеткерей, Сейтек сияқты талай дәулескер күйшілер, талайды тамсандырған Тұяқ Шәмелов туған мекен. Айтулы дата, мерейтойларға толы биыл күй додасы, өнер мерекесінің ұйымдастырылуы заңдылық. Облысымыздың әр қиырынан келген таланттарға сәттілік тілеймін, - деді.
Танымал күйші Асылхан Қазиев төрағалық еткен қазылар алқасы оралдық Тұрлыхан Абухановтың өнерін бас жүлдеге лайық деп таныды.
І орынды
Наурызбек Кузанбаев (Орал қ.);
ІІ орынды
Елдос Аманғалиев (Тасқала);
Мирас Мүкәрімов (Шыңғырлау);
ІІІ орынды
Эренст Каиржанов (Орал қ)
Жасұлан Абаханов (Бөкей ордасы);
Оралхан Темірғалиев (Теректі);
Оңғар Қанатқали (Ақжайық) иеленді.
Казталовтық Аяна Орынғали мен жаңақалалық Темірлан Сыралиев арнайы сыйлыққа ие болды.
Қазылық еткен Асылхан Қазиев пен Батыр Қайыровқа аудан әкімінің алғысхаты табысталды.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz