7.05.2025, 11:00
Оқылды: 203

Ханордалық ұстаз Жанболат Оңаев министрден марапат алды

Отан қорғаушы күніне орай Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін кәсіби шеберлігі мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін марапаттады. Батыс Қазақстан облысынан марапатқа ие болғандар арасында ханордалық ұстаз Жанболат Оңаев та бар.

IMG-20250506-WA0022
Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Оңаев Жанболат Хайрлыұлы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапаттар — ұстаздардың отансүйгіштікке баулу және жас ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбектерінің айғағы.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале