24.02.2021, 14:55
Оқылды: 48

Ханордалықтар библио-лото ойнады

Хан ордасы модельді балалар кітапханасы мен жастар ұйымының ұйымдастыруымен библио-лото өтті. Ол қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері, ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды.

 лото1

Кітапхана меңгерушісі Нұрлы Әбілхайырова ақындық мұрасы қазақ халқының рухани қазынасының алтын қорына енгізілген Жамбыл өмірі мен шығармашылығынан «Халық поэзиясының алыбы – Жамбыл Жабаев» атты слайд арқылы толыққанды мәлімет берді.

лото2

Бұл айтылған мәліметтер библио-лото ойынына қатысушыларға көп көмегін тигізді. Өйткені лото бөшкелері астындағы парақтарда жасырынған сұрақтарға дұрыс жауаптар аталмыш слайд материалдарын қамтыған еді. Әсіресе, жыр алыбының өлең шумақтарының реттілігін анықтауда, өмірбаяндық мәліметтер сұралғанда, түрлі сөзжұмбақтарды шешкенде зейінді қатысушылар жаңылмай жауап берді.

 

Гаухар Сәрсенғалиева,

Бөкей ордасы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

 ресурстық орталығының маманы,

Хан ордасы ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале