17.01.2023, 12:45
Оқылды: 22

Хатшы емес, төраға

Бүгін Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІХ сессиясы өтті. Осы отырыста Сырым аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы жаңадан бекітілді.

sdr

Бұдан былай, мәслихат хатшысы деген лауазым болмайды. ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қабылданған Сырым аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес, лауазым атауы хатшыдан төрағаға ауыстырылды. Сәйкесінше, жергілікті өкілді органның тұрақты лауазым иесі - мәслихат төрағасы деп аталады.
Сондай - ақ Сырым аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ерлан Мақашев  округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын таныстырды. Құрам 5 адамнан және түрлі партиялық бірлестік өкілдерінен тұрады.
Отырысқа қатысқан Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев еліміздің маңызды саяси оқиғалар орталығына айналғанын, жергілікті сайлау комиссияларының қызметі осы тұрғыда маңызды рөл ойнайтынын айтты. Қазіргі уақытта аудан ауылшаруашылық саласын қолдауға бағытталған "Ауыл аманаты"  жобасын түсіндіру жұмыстары жүруде.
- "Ауыл аманаты" - ҚР Үкіметі мен "Amanat" партиясының бірлескен жобасы. Мақсат - шаруаларды шыңдап, шаруашылықтарды ширату. Мемлекеттің қолдау қаржысы іскер, еңбекқор адамға баруы керек, - деді аудан басшысы.
Төлеген Төреғалиев билік пен халықтың арасындағы ымыралы жұмысқа мәслихат депутаттарын белсенді араласуға шақырды.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале