1.09.2024, 19:03
Оқылды: 180

Янайкин ауылында "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны өтті 

Білім күні — бұл алғашқы қонырау үні, бүлдіршіндердің алғаш мектеп табалдырығын аттауы. Бұл күн олар үшін мәңгі есте қалатын кез. Ең алғашқы мектеп, сынып және алғашқы ұстазымен танысу. Бұл күнде Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылындағы Т.Бигелдинов атындағы ЖОББ мектебі білім нәрімен сусындайтын шәкірттеріне өз есігін айқара ашты.

IMG-20240901-WA0124

1 қыркүйекте "Мектебім – мейірім мекенім" атты бағдарлама ұйымдастырылып, 1-сынып оқушыларына "Әліппе" табысталды. Атаулы мерекеге Янайкин ауылдық округінің әкімі Сәуле Аққайырова қатысып, оқушыларға жылы лебізін арнады. Сондай-ақ ашылу салтанатында сөз алған мектеп директоры Жасталап Сабыров оқушыларға сәттілік тілей отырып, былтырғы оқу жылының қорытындысын оқыды.

IMG-20240901-WA0126

- «Мектеп-кеме, білім-теңіз» десек, сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын орын — мектеп. Ел тірегі, көркі — білімді әрі саналы ұрпақ. «Әрбір елдің келешегі — мектебіне байланысты» деп ұлыларымыз айтқандай, әр баланың егеменді елдің ертеңі болуына, туған жердің қасиетін дарытып, ана тілінің жанашырына айналуына айрықша үлес қосуы оқыған ортасына және білім алған мектебіне байланысты екендігі анық. Баршаңызды 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаймын! Әрбір адамның өмірінде ерекше орын алатын күндердің бірінде өздеріңізбен тағы да қауышқаныма ризамын. Бұл күн кейбіреулердің оқуға түсу күнімен есте қалса, кейбіреулер үшін жас мұғалімдердің алғаш жұмыс күніндегі әсер толғанысымен есте қалады. Оқу жылының басын 175 оқушымен бастадық. Сынып-жиынтық (класс-комплект) саны 22 болса, онда 45 мұғалім қызмет атқарады. Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталсам, 9-ы педогогикалық-зерттеуші (20%), 14 педогог-сарапшы(31%), педогог-модератор10 (22%), педогог12 (27%) құрайды. Біліктілігі жағынан жоғары білімді ұстаздар саны 38 (84%), арнаулы орта білімді 7 мұғалім(16%) бар. Атап өтетін тағы бір жайт бүгін мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Ержанова облыстық білім басқармасының басшысыеың міндетін атқарушысының құрмет грамотасымен марапатталды.

IMG-20240901-WA0125

Жыл бойынша белсенділік танытып мектептер арасындағы рейтингте 2207 бал жинадық. Ашып айтар болсақ, халықаралық 4, республикалық 46, облыстық 62, аудандық сайыстардан 115 орын алдық. Жыл сайын айтатынымдай 1000 балдан асырған мектепке инновациялық мектеп атағы беріледі. Биыл біз 2 мәрте инновациялық мектеп атағын алдық. Осы жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша 5 оқушының бәрі грантқа түсті. Осы орайда оқу жылының басында "Мектепке жол" акциясына белсене атсалысқан азаматтарға алғыс айтамын. Атап айтсам, Тілек Залмұқанов, Қуаныш Батырғалиев, Тимур Әмірғалиев, Еламан Сафиев және ауыл әкімінің қолдауымен көмектескен барша шаруашылық жетекшілері мен аудандық білім бөлімінің кәсіподағына ризашылығымды білдіремін. Биылғы оқу жылында да ауылымызға қарасты Скворкино, Богатск ауылдарынан 20 оқушы тасымалданады. Оқушылар екі ауысымда оқытылады. 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Мектебімізде 5-9 сынып аралығында роботатехника үйірмесі жұмыс атқарып келеді. Жалпы, биылғы оқу жылы балаларымыз үшін қызықты әрі табысты болады деген үміттеміз. Алда ұстаздар мен шәкірттерді жаңа шығармашылық табыстар мен жетістіктер күтіп тұр. Ендеше, біз жаңа оқу жылында оқушыларға күнделіктерінің жақсы бағаға толуын, білімнің биік шынына жетулерін тілейміз,- дейді Т.Бигелдинов атындағы ЖОББМ директоры Жасталап Сабыров.

IMG-20240901-WA0115

Жылы лебізден кейін концерттік бағдарлама өз жалғасын тапты. Мектеп өнерпаздары Айымжан Қуаныш, Омар Ғазиз және Нұржігіт Гисатдиннің орындауында "Мектеп гимні" шырқалды. Сонан соң мектептің музыка пәнінің мұғалімі Замир Ғұмаров пен 5-сынып оқушысы Шынханым Құрман ""Алтын ұя мектебім"" әні орындады. 1-сынып оқушылары мектепке арнап өлеңдерін оқығаннан кейін білім ұясына енді келіп тұрған Дина Жұмағазының «Мектепке барамыз» әнімен салтанатты іс-шараны қорытындылады.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале