Бәйтерек ауданы Янайкин ауылының жастарынан құрылған «Мейірім» еріктілер тобы жылды қорытындылады.
Жалпы Янайкин волонтерлары жыл басынан бері талай іс-шаралар ұйымдастырып, біраз мұқтаж жанға көмек қолын соза алды. Маска таратып, сақтық шараларын сақтауға шақырған акциялар ұйымдастырды.
Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, өткізілген Волонтерлар жылының қорытындысына арналған жиында округ әкімі А.Альмурзин жергілікті еріктілердің атқарған ісіне оң бағасын беріп, үздік волонтерларды аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы А.Төлепқалиеваның атынан алғыс хаттарымен марапаттады.
Шара барысында «Мейірім» еріктілер тобының координаторлары М.Шамашев пен С.Аққайырова сөз сөйлеп, әрқашан қолдауын аямайтын ауылдық округ әкіміне ризашылықтарын білдірді.
Кездесу соңында жастар волонтерлықты әрмен қарай жалғастыра беретіндерін айтты.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz