7.09.2025, 8:55
Оқылды: 328

Янайкинде әкім сайлауы өтіп жатыр

Бүгін Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округінде әкім сайлауы өтуде. Бұл – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат өз таңдауын жасайтын шешуші сәт. Саяси науқанға 3 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсуде.

IMG-20250907-WA0002

- Бәйтерек ауданы, Янайкин ауылдық округіндегі мәдениет үйінде №177 сайлау учаскесі орналасқан. Сайлау учаскесіне 715 адам тіркелген. Арыз бойынша 27 сайлаушы үй жағдайында сайлауға тіркелген. Түскі сағат 12:00-ге дейін тағы да өтініштер түсуі мүмкін. Сайлаудың әділ өтуін қадағалауды бақылауда. Алғаш дауыс берген Ғабит Утяповке №177 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Щербань естелік сыйлық табысталды.

- Сайлау бағдарламасында ұсынылған кандидаттардың ауылды дамытуға қатысты бағдарламалары елге игілігін тигізсін. Кім сайланса да ауылдың жағдайын ойлап, мектеп, балабақшамыздың, ауылымыздың көркеюіне үлесін қосады деп сенемін. Мен өз таңдауымды жасадым. Сайлау болса, бірінші келіп дауыс беруге асығамын. Ол менің азамат ретіндегі борышым деп білемін. Біз ерте келіп дауыс беріп, келешек ұрпаққа сайлаудың маңызын көрсетуіміз керек,-дейді Ғабит Насиболлаұлы.
IMG-20250907-WA0007

Саяси науқанға таңмен таласа келіп өз таңдауын жасаған тұрғындар қатарында ауыл тұрғыны Нұргүл Иманбекова да бар.

IMG-20250907-WA0005

- Осы ауылда 25 жылдан бері тұрамын. Әр сайлау – халықтың бірлігі мен сенімінің көрінісі ғой. Бүгін де бәрі көңілді, қалыпты өтіп жатыр. Комиссия құрамының жылы қабағы, ықыласты қарсылығы қуантты. Осындай сәтте іштей жауапкершіліктің салмағын да сезінеді екенсің,- дейді ол.

IMG-20250907-WA0011

Салтанат Зұлқарнаева
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале