5.04.2021, 16:11
Оқылды: 52

Январцев округі кәсіпкерлері қайырымдылық мақсатқа 1 миллион теңге қаржы жұмсады

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елімізде «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылуда. Бұл шараның негізгі мақсаты - жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлер, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыларға, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау білдіріп, көмек көрсету.

31445CF0-1ADC-4303-9869-996FA526085F

«Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын»,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өркениетке бет бұрған қазіргі кезеңде дамитын ел дарынды ұландарынан зор үміт күтеді. Балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге берік сенімін қалыптастыру барысында Бәйтерек ауданы Январцев ауылының халқы бұл игі істерді балалардан бастауды жөн көрді.

Ауқымды шара барысында округ әкімі А.Жұмағалиев пен Январцев мектебінің директоры А.Есмаковтың бастамасымен ауыл балаларынан жүрек жылуы мен қолдағы барын аямайтын демеушілерге құрмет көрсетілді.

Қамқорлықты қажет ететін отбасы балаларын «Заман» ЖШС директоры А.Жанғалиев қашан да қолдауға әзір. Ол 10 оқушыны планшетпен қамтамасыз етсе, «Алтынбидай» ШҚ басшысы Б.Мукашев 5 планшет, «Перспектива КАН» ЖШС басшысы Н.Карин 5 планшет тарту етті. Сонымен қатар «Байстон» ЖШС басшысы О.Измалкова 15 оқушыға, «ЗКИТУ» ЖШС директоры А.Базымова 5 оқушыға, «Береке» ЖШС директоры К.Айдаров 15 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді. Бұнымен қоса, «Керемет» ШҚ басшысы Ж.Черниязов ШҚО-дағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына баратын 4 оқушының жол шығынын өтеп берді. Жалпы Январцев кәсіпкерлері ауыл мектебіне 900 мың теңгеден астам қаржыға демеушілік жасаған.

Бұдан бөлек Красноармейск, Кирсанов, Чинарев елді мекендері мектептері де демеушісіз емес. Аталған мектептерде оқитын 10 оқушыға «Орал Ойл» ЖШС директоры И.Алиагаев, 5 оқушыға «Керемет» ШҚ басшысы Ж.Черниязов,  «Миргалиев»  ШҚ басшысы Н.Миргалиев 5 оқушыға, «Любимый» ЖК басшысы О.Кадаева 2 оқушыға, «Салық» ЖК басшысы С.Мендыгазиев 3 оқушыға, «Мергалиев» ШҚ басшысы А.Мергалиев 2 оқушыға, «Надежда» ЖК басшысы  Н.Голубенко 2 оқушыға жалпы құны 300 мың теңгеден асатын оқу құралдын тарту етті.

Жалпы округ кәсіпкерлері миллион теңгеден астам қаржыға қайырымдылық көрсетті

Айшабибі Мұстафақызы,

Январцев мектебінің әлеуметтік педагогі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале