21.03.2024, 16:06
Оқылды: 27

Ынтымақ күні: Тасқалада Наурыз мейрамы дүркіреп өтті

Наурызнамадағы Ынтымақ күніне байланысты Тасқала ауылындағы кірпіш зауыты аумағындағы көше тұрғындары Наурыз тойын тойлап, ынтымағы мен бірлігін көрсетті. Аталмыш шараға аудан әкімі Талғат Шакиров, аудан маслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасарларымен Рауан Бисенғалиұлы мен Саягүл Галиева қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

11

Мерекелік шарада гір тасын көтеру, садақ ату, қол күресі, арқан тартысу сынды ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

15

12

Қазан көтеріліп, ауыл үлкендері киіз үйде жайылған дастархан басында бас қосты.

14

Әндер шырқалып, ізгі тілектер жолданды. осы кезге дейін «Кірпіш зауыты» аталып келген аумаққа үлкендердің келісімімен «Ынтымақ»деген ат берілді.

Шара соңы үлкендердің ақ батасымен аяқталды.

13

16

Назерке Шайхолла,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале