20.02.2023, 15:30
Оқылды: 18

Ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

IMG-20230220-WA0101
Шара барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры Николай Сламихин айтып өткендей, бұл құжаттың қарғын су, өрт қаупі секілді төтенше жағдайлардың алдын алуда маңызы зор. Жалпы осы бағытта жүргізілетін кешенді жұмыстар ТЖ-ның туындау мүмкіндігін барынша азайтуда, адам өмірі мен денсаулығын сақтауда үлкен рөл атқарады. Аталмыш құжат халықтың қалың жігі арасында алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамытуда ынтымақтастық орнату және бірлескен іс-қимылды тиімді үйлестіруді мақсат тұтады.

IMG-20230220-WA0102
- Меморандум аясында "Бәйтерек жастары" волонтерлық ұйымы төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп аудан тұрғындарына ТЖ-ны алдын алуға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Яғни тұрғын үй секторларында тұрғындармен жиындар, мектеп, колледж шәкірттерімен ашық сабақтар, байқаулар тағы басқа шаралар өткізіп, жадынамалар таратып, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-лардың салдарын жою жөнінде түсінік жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл аудан жастарын әлеуметтік пайдасы мол волотерлық қызметке көптеп тартуға да мүмкіндік береді, - деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жанар Ғұбашева.

Сәлім Мәмбеталиев

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале