Қолдан келер шара болмаған кезде үміт отын жағып, сенім сыйлайтын – медицина қызметкерлері, оның ішінде жедел жәрдем мамандары. Уақыттың тапшылығына қарамастан өз ісіне ұқыптылықпен қарап, адам өміріне араша түсетін қызметкерлер күн-түн демей, халыққа адал қызмет атқаруда.
Алғашқы көмек көрсету барысында қол астында арнайы техникалық құралдардың болуы, науқасты ауруханаға тез әрі жайлылықпен жеткізу өте маңызды. Сол себепті соңғы жылдары ауруханалар жаңа көліктермен толықтырылып, замануи құралдармен жабдықталуда.
Осы орайда БҚО жедел медициналық жәрдем станциясының директоры Мадияр Өтешев Шыңғырлау аудандық қосалқы подстанциясына соңғы үлгіде жабдықталған жаңа реанимациялық автокөлікті табыстады.
Автокөлік керекті әрі маңызды медициналық аппараттармен жабдықталған. Яғни науқасқа жедел түрде көмек болған сәтте уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Айбарша Лекерова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz