Сырым ауданы прокуратурасының прокуроры Қайырбек Темірбай мен Сырым ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Азамат Хасанов жас спортшылармен кездесті.
Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Асқар Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мүдделі болған кездесу спорт кешенінде өтті.
“Заң бар жерде тәртіп бар” атты шарада заң өкілдері спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне жеке құқықтары мен міндеттері туралы айтты.
Әсіресе, түнгі рейдтер, қоғамдық тәртіпті сақтауда қолданылатын әдістер кеңінен түсіндіріліп, заң бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Құқық бұзылған жағдайда оның салдары мен жазалары туралы да ескертілді.
Ел ішінде, соның ішінде бозбалалар арасында мотокөліктерді жүргізу туралы сауал көп. Мопед жүргізудің жаңа ережелері және қауіпсіздік ережелері жөнінде маңызды ақпарат беріледі.
Оқушылар құқық қорғау органдары қызметкерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, емен - жарқын сұхбат құрды.
Б. Шерім,
Сырым ауданы