Қаратөбе ауданы әкімі сайлауына «Жария» ҚБ-нен арнайы келген байқаушы Клара Байбулова сайлау туралы өз пікірін білдірді.
– Бүгінгі Қаратөбе ауданы әкімінің сайлауына Орал қаласынан «Жария» қоғамдық бірлестігінен келіп отырмыз. Сайлаудың заң талаптары аясында өтуін қадағалауға байқаушы ретінде қатысудамыз. Мен өзім Қаратөбе ауылындағы №277 сайлау учаскесінде таңертеңнен бері байқаушы ретінде отырмын. Бұл сайлау учаскесінде заң бұзушылық орын алған жоқ, барлығы бір сарында өтуде. «Жария» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Қаратөбенің барлық сайлау учаскелерінде байқаушы ретінде қатысуда.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz