3.12.2025, 10:56
Оқылды: 14

Заң мен тәртіп түсіндірілді

Бүгін «Halyq zańgeri» республикалық акциясы аясында аудан прокуратурасының аға прокуроры Нұрлыбек Жағыпаров пен аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар Қызылоба, Бірлік және Пятимар округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

жаңақала (2)

Алдымен ауылдық мәдениет үйлерінде жалпы жиын ұйымдастырылып, азаматтардың өзекті мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Кездесу барысында Нұрлыбек Салауатұлы интернет және мобильді алаяқтық деректерінің көбейгенін атап өтіп, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар округтерде тіркелген қылмыс түрлеріне тоқталып, себеп-салдары туралы баяндады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тұрғындардың белсенділігінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ауылдық жерлердегі мал ұрлығы мәселесі де назардан тыс қалмады. Прокурор бұл қылмыс түрінің әлі де өзекті екенін айтып, тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды.
Жиын барысында тұрғындар жол қауіпсіздігін жақсарту, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру, жайылым жердің тарлығы және мал бағуға байланысты қиындықтарды сөз етті. Сонымен қоса шаруа қожалығы Пятимар ауылының аумағында орналасқан, алайда басқа округке тіркелген тұрғындардың осы округке тіркеліп, салығын да осында төлеу қажеттігі жөнінде ұсыныс айтылды. Өрт сөндіру көлігінің техникалық жағдайына қатысты мәселе де көтерілді. Ауылішілік жолдарға арналған ЖСҚ құжаттамасына бөлінген қаражат бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ аутокөлік сақтандыруы бойынша тұрғындарға түсінік берілді.
Тұрғындармен ашық форматта өткен кездесу құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, тиісті органдармен бірлесіп шешуге бағытталды. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен де кездесу ұйымдастырылып, құқықтық тәрбие, киберқауіпсіздік, буллингтің алдын алу, заңға бағыну және жауапкершілік тақырыптары кеңінен түсіндірілді.

Сыйлыхан Талапұлы

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале