1.12.2024, 19:55
Оқылды: 87

Заң сақталған жұмыста тәртіп пен жүйе бар

Сайлау процесінің ашықтығын алға қоятын байқаушылардың рөлі зор. Сайлау барысында қандай да бір әділетсіздікті, құқық бұзушылықты байқаса, бірден тиісті акт жасайды. Түптеп келгенде, бұзушылық негізін тіркеп, әділдіктің ақ туын желбіретеді.

468361312_2769812716533938_661921059335029849_n

Бүгін Құмақсай ауылдық округі әкімін сайлау учаскелеріндегі жұмысты байқаушылар баяндап берді.

468849245_2769812683200608_7101941589974471416_n

№355 сайлау учаскесіндегі байқаушы Дастан Төлеген:
- Халықтың сайлауға деген көзқарасы оң екенін жауапкершілікпен дауыс бергенінен аңғаруға болады. Учаскеде құқыз бұзушылық болмады. Барлығы Ата Заң аясында жүзеге асып жатыр,- деді өз сөзінде.
Сондай-ақ аталған сайлау учаскесіндегі жұмысты бақылауда ұстап отырған үміткерлердің сенімді өкілдері де сайлаудың мінсіз өтіп жатқанын айтты.
Арсен Жанғалиевтің айтуынша, халықтың дауыс беруге келуі – қарқынды. Емін-еркін таңдауларын жасауда. Заң сақталған кез келген істе тәртіп пен жүйе болары ақиқат.

Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале