8.06.2022, 17:31
Оқылды: 46

Заңгерлер кеңес берді

Теректі ауданына іссапармен Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінің мамандары келді.

әдилет

Қабылдауда Орал қаласының сот актілерін орындау жөніндегі №1 аумақтық бөлімі филиалының басшысы Светлана Жұмағалиева, зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімінің бас маманы Фарида Кенженова, тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Айсұлу Бұсұрманова, БҚО Нотариаттық палатасының жеке нотариусы Любовь Назарова және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев болды.

Кеңес алуға келген аудан тұрғындары сұрақтарына заң аясында жауап алды. Көпшілігін жер кезегі мен тұрғын үй жөніндегі сауалдар толғандырады. Сондай-ақ, ерекше бала тәрбиелеп отырған Н.Қажғалиева ашық қазылған шұңқырға құлап, денсаулығына айтарлықтай зақым кетірген.

ад2

Қазіргі таңда еңбекке жарамсыз болғандықтан, құрылыс орнына жауапты мамандардан моральдық-материалдық шығынын өндіріп алуды қалайды. Келген мамандар оны арнайы заңгерге жолдап, бағыт-бағдар беріп, жөн сілтеді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале