Өкінішке орай, ашық кәріз құдықтары мен қоршаусыз трансфарматорлардан зардап шеккен, қаза тапқан сәбилер қатары жыл санап өсуде. Осынау келеңсіздікті жоюдың бірден бір жолы - бақылауды күшейту. Бұл туралы аудандық кеңес жиынында сөз болды.

Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқановтың төрағалығымен өткен кеңес отырысына бөлім, мекеме басшылары және онлайн форматта барлық ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі адам өміріне қауіп төндіретін коммуникациялық нысандарын түгендеу және тексеру комиссиясын құру туралы мәселесі сөз болғанда Мұрат Дүйсенұлы атап өткендей, аудан әкімінің тапсырмасына сай жауапты сала мамандары мен округ әкімдері ауылдарды бір аптада аралап, орын алған олқылықтарды жедел жоюлары керек. Ауылдық округтерде көң-қоқыстарды тазалау жұмыстары турасында аудандық ТҮКШЖКАЖ бөлімі ұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аслан Даубаев баяндады. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда аудан бойынша көң-қоқыс полигондары 33 жерде шекарасынан шығып кеткенін. Соның 9-ы қалыпқа келтірілген. Сондай-ақ 113 заңсыз қоқыс орындары пайда болып, бүгінде оның 58-і жойылған. Мәселен, Трекин ауылдық округінің Володар ауылында 24 орынның15 -і, Январцевта 17-нің 14-і, Мичурин ауылдық округінің Асан ауылында 17-нің 3-еуі, Құрманғазыда 9-ы, Раздольныйда 4-уі, Переметный, Янайкин, Достықта үшеуі де әлі күнге жойылған жоқ. Бұл бағытта Махамбет пен Дариян ауылдық округтерінде тиянақты жұмыстаржүргізілді. Атамекенде түгел жойылды. Көшім ауылдық округінің Өркен ауылында 10 заңсыз қоқыс орны тазартылды. «Екпін түсіре айта кетер жайт, біз бірлесе полигондарды ретке келтіріп жатқанымызбен тұрғындар таза жерге қайта қоқыс төгуде,-деді Даубаев.- Осы орайда ауылдық әкімдігіндегі мамандар мен учаскелік полицияларбірлесіп, тәртіпті күшейтуге атсалысқаны жөн».

Кеңес барысында сондай-ақ жазғы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою шаралары турасында да сөз болды.
Гүлжаз Қалесқызы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz