24.09.2024, 18:00
Оқылды: 120

«Зауыттар тәуелді емей, немене?»: Теректіге штаб мүшелері келді

Бүгін Теректі ауданына атом электр станциясын салу жөнінде республикалық деңгейдегі халықтық штаб мүшесі Нұрлан Серғалиев және облыстық деңгейдегі штаб мүшелері Бауыржан Ғұбайдуллин мен Рүстем Майранов келді.

303CB3E7-6195-4172-A3BB-39DEA3240CB1

Оларды аудан ішінде қызу үгіт-насихат жұмысын жүзеге асырып жатқан Мирхат Ибраев пен Әлжан Нұрғалиев қарсы алып, «Пойма май комбинаты» зауытына жол бастап апарды.

Айта кету керек, «Пойма май комбинаты» 2009 жылы пайдалануға беріліп, күні бүгін аудандағы ірі мекемеге айналды. Май зауытының ісі қарқынды болуының арқасында өзге мемлекеттерге сұйық май жөнелтіліп үлгерген.

30AD52CC-95A4-402F-A411-399F0CB1D93C

Бұдан нені аңғарамыз? Аталмыш зауыттың мұндай келелі жұмыстары электр жүйелеріне тікелей байланысты. Байланысты деппіз ғой... Тәуелді дейікші. Егер осы уақытқа дейін қыруар электр сарп етілмесе, осындай деңгейге жетер ме едік?! Әрине жоқ. Ал қазіргі таңда осы кереметтің тапшылығы айқын сезіліп отыр.

Оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге арнаған Жолдауында баяндап, атом электр станциясын салуға референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойып,  халықпен ақылдасуды жөн санап отыр.

08D0D237-0CD2-4575-A85B-F6E6FDCCF709

Ауадай қажет станцияның бірнеше стратегиялық міндеті бар екендігі даусыз. Басты себептердің біріне тоқталсақ, ол – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

Бұл импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуға және елді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге септігін тигізері сөзсіз. Мәселені жан-жақты саралаған, зерделей келіп, ой түйген биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі һәм халықтық штаб мүшесі Нұрлан Хабиболлаұлы бірнеше қызметкердің алдында жетер жеріне жеткізіп айтты.

3E6BD044-4C9A-4522-BACD-C3092522CEBF

Оның айтуынша, ел ішінде «мамандар жоқ» яки «біздің қауқарымыз жетпес» деген бос дабыра мен түсінбеушіліктер еш негізсіз. Керісінше, түптеп келгенде АЭС бой көтеріп, ел игілігіне берілсе көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61%-дан 40%-ға дейін төмендейтінін жеткізді.

– Оны былай қойғанда, ел экономикасының қарыштап дамуына қолұшын созып, көміртегіні азайтады. Елдің экологиялық беделін арттырады, - деді ол академик, ғалым ретінде.

147A076B-929C-476E-A224-01634DC003AA

Келешек үшін маңызы орасан жүздесу аудан орталығындағы «Теректі» кешенінде жалғасын тапты. Кездесуге аудан деңгейіндегі халықтық штаб мүшелері мен ауыл әкімдері қатысты.

Әбден талқыланып, кері байланыстың «көкесі» болған жиын атом электр станциясының қажет екендігін ұқтырды. Нұрлан Серғалиев өз зерттеуі бойынша арнайы сызбалармен түсіндірді.

Бауыржан Файзоллаұлы алғашында екіұдай күйде болғанын ашық айтып, кейін шұқшия зер салғаннан соң жарқын сенімнің көлбең ете бастағанын асқан үмітпен жеткізді. Ол деңгейге жетпес бұрын түрлі ғалыммен, арнайы мамандармен пікірлескен екен. Жер көлемі жағынан бізден әлдеқайда кіші Францияны мысалға алған штаб мүшелері өз елімізде станция салудың еш әбестігі жоқтығын дәлелдеді.

Соңында ауыл шаруашылығының жілігін шағып, майын ішкен Ертарғын Менешов ұсыныстарын бүкпелемеді. Мирхат Мақсотұлы осы сауал аясында 6 қазанда өтетін референдумға үн қосуға шақырды.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале