Бүгін Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев зейнеткерлік жасқа жеткен мемлекеттік қызметші, Жетікөл ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Елемес Халиуллинді қабылдады.
1981 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген Елемес Уалиоллаұлы еңбек жолын Жосалы ауылында инженер-механик болып бастады. 41 жыл еңбек өтілінің соңғы 19 жылын мемлекеттік қызмет саласына сарп етті.
Аудан әкімі мерейлі жас иесін құттықтап, еңбегі үшін алғысын білдірді. Иығына дәстүр бойынша шапан жапты.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz