9.09.2022, 12:45
Оқылды: 65

Зейнеткерлер арасында велошеру өтті

Бөрлі ауданында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» қызмет алушылары арасында спорттық велошеру өтті. Шараның мақсаты –  қаламыздың 55 жылдық мерейтойы аясында аудан зейнеткерлері арасында салауатты өмір салтын ұстану және  спорттық шеберліктерін арттыру.

15

Аудан зейнеткерлерінің әлеуметтік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен, «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жобасы қолға алынды. Ақпан айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан орталықта бүгінде 80-нен астам зейнеткер қызмет алуда. Велошерудің ең үлкен қатысушысы 86 жаста.

16

- Ардақты ардагерлер, бүгінгі шараға қатысушылар, бүгінгі шараға атсалысқаныңызға көп-көп рахмет. Әрине, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік экономикалық тұрғыда дамуына өзіндік үлестеріңізді қосып, қазір зейнет жасына жетіп, бірақ белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып, жастарға үлгі көрсеткеніңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Қазақта «Дені саудың жаны сау» дейді. Адамға бірінші денсаулық керек. Сол мақсатта елімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жаңа аталып өткендей, аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы осы қоғамдық ұйымға қаржы бөлініп, осындай спорттық шара ұйымдастырылып отыр. Бұл дегеніміз -  ардагерлерімізге, ел үшін еңбек еткен аға-буынға көрсетіліп жатқан қолдау. Бастама болашақта өз жалғасын табады, - деді аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов.

17

Абай даңғылымен велосипедпен жүріп өткен зейнеткерлер салауатты өмір салтын насихаттап, жастарға үлгі болды.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале