29.11.2017, 10:47
Оқылды: 70

Зеленов ауданы орталығында қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті (ФОТО)

 

«Шеберлер туындысы» атауымен өткен шарада Үлкен Шаған, Дарьян, Достық, Переметный, Роздольный, Белес, Зеленый ауылдық округтерінен келген шеберлердің туындылары қойылды.

Көрмені тамашалауға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов қатысушыларға сәттілік тілеп, өнер адамдарын әрқашан қолдап, жүруіміз керек екендігін айтты.

Қосымша білім беру орталығының үйірме жетекшілері Жанерке Алипова мен Анаргүл Бабатаеваның оқушылары жасаған бұйымдар, Үлкен Шаған ауылынан келген Миргүл Меңдіханқызының әшекейлері мен ұлттық нақышта жасалған киім-кешектері, Белес мектебінің оқушысы Нұрайым Құмарованың қиялынан шыққан оригамиі көпшілікке ұнады.

Көрме қорытындысында III орын Наталия Берсекенова, II орынға Әсел Ускентаеваға бұйырды. I орынға шебер Мергүл Мендіханқызына лайық деп танылды.

Гүлдана ҚУАНОВА

Зеленов ауданы

DSC_0648 DSC_0640

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале