22.05.2017, 11:35
Оқылды: 65

Зеленов аудандық пробация қызметінде 40-қа жуық жазасын өтеуші тіркеуде тұр

Ал олардың жүріп-тұруын қадағалау жоғарыда аталған қызмет инспекторларына жүктелген.

-Қазіргі таңда тіркеуде тұрған жазасын өтеушілердің екеуін жұмысқа орналастырдық. Бір адам «Юнисерв» компаниясына, 1 адам «Нира» ЖШС-не тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 1 жазасын өтеуші білімін жетілдіру курсына жолданды. Сондай-ақ ауданда қызмет жасап отырған шаруа қожалықтарына уақытша жұмысқа орналасқандар да бар,- дейді пробация қызметінің аға инспекторы, ҚР әділет қызметінің аға лейтенанты Бауыржан Есқалиев.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале