4.06.2018, 10:56
Оқылды: 58

Зеленов ауданында жазғы лагерь жұмысын бастады

 

Кезекті оқу жылы аяқталысымен Зеленов аудандық жас туристер станциясының ұжымы «Достық» жазғы лагерінің жұмысын бастайды.

- Елбасымыз балалар үшін бар жағдайды жасап келеді. Бүгінгі балаларды қорғау күнімен қатар келген жазғы лагерьдің ашылуымен баршаңызды құттықтаймын. Жаңа достар тауып, жақсы демалуларыңызға тілекшімін, - деп Рамазан Тастайұлы лагерьдің бірінші лек демалушыларын құттықтаса, лагерь жұмысымен танысуға облыс орталығынан арнайы келген Виктор Павелұлы балаларға ақжарма тілегін жекізіп, демалыс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

Лагерьде бірінші кезекте оқуда озат, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар демалады.

Күн тәртібіне таңғы жаттығу, жиналыс, іс-шаралар, табиғат аясына саяхат, спорттық ойындар, 5 мезгіл тамақтану кіреді.

Асханадағы ас мәзірі балаларға арнайы тексерістен өткізіліп, дайындалатын болады. Лагерь барлық талаптарға сай жабдықталған.

Спорттық ойын алаңы, түрлі ойын доптары мен қажет құралдар, музыкалық аспаптармен қамтылған.

Лагерьде жоғары білімді де тәжірибелі тәрбиешілер жұмыс атқаратын болады. Биылғы жазғы демалыс маусымы әртүрлі бағытта өтпек. Оның ішінде туризм, спорт, мәдениет, өлкетану және экология бағыттарын қамтиды.

 Түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале