Зеленовта аудан әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысында бірқатар мәселелер ортаға салынды.
Кеңесте аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, аудан жастарының мәселелерін шешудің тиімді жолдары талқыланып, оны жүзеге асыру барысы талқыланды.
Кеңесте жастар тарапынан қордаланып жүрген мәселелер мен жастардың көкейлерінде жүрген сауалдар ортаға тасталып, тиісінше жауаптар алынды.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін нығайту мақсатында кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескерген аудан басшысы А.Шахаров жастарды әркез қолдайтындығын жеткізді.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Зеленов ауданы