20.04.2017, 16:50
Оқылды: 41

Зеленовтықтар Елбасы мақаласын талқылады

 

????????????????????????????????????

Аудандық мәдениет үйіне жиналған зеленовтықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жан-жақты талқылап, аталмыш мақалада айтылған өзекті мәселелер хақында ойларын ортаға салды.


  - Үстіміздегі жылғы 31 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған басымдық аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді бағдарламасын ұсынды. Аталған бағдарламаның басты мазмұны – елімізде жүзеге асырылып жатырған саяси және экономикалық реформалар рухани жаңғырумен ұштасуы тиіс. Осы орайда, Нұрсұлтан Назарбаев XXI ғасырдағы ұлттық сананың қалыптасу үрдістерін атап өтіп, батыс елдерінде орын алған рухани дағдарыстың себептерін белгілеп берді. Бүгінгі күні әлемде қалыптасқан күрделі ахуал кезеңінде алдымызға қойылған басты міндеттердің бірі – ұлттық кодымызды сақтай отырып, әр қазақстандықтың санасын жаңғырту мақсатында бірнеше басымдықтарды іске асыру керек. Елбасы айтқандай, Тәуелсіз еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Енді рухани жаңғыруды жүзеге асыру арқылы көптен көкейде жүрген маңызды да, ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Бұл – бәріміз үшін қуанышты жәйт, - деді актив жиынын жүргізген аудан әкімі Кәрім Жақыпов.

  Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров, Янайкин ауылының әкімі Исатай Мұғалбаев, Новенький мектебінің директоры Аймекен Бақтығалиевалар бағдарламалық мақаланың маңыздылығына егжейлі-тегжейлі тоқталды.

  Мұнан кейін аудандық  ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақтоты  Байрамова актив жиналысының  қарарын оқыды.

  - Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Сондықтан, әрқайсымыз белсенділік танытып, алға қойған міндеттерді іске асыруда күш-жігерімізді аямайық,-деген аудан басшысы Кәрім Кәрімоллаұлы  актив жиынын қортындылады.

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале